Ұлттық киім – көркіңді ашар болмысың

Ұлттық киім – көркіңді ашар болмысың

Дүрия көйлек киінген,

Қыпша беліне, қынай күміс белдік түйінген.

Кәмшат бөрік басында,

Қара қас айдай иілген.

Сылдырмақ шолпы тағынған,

Қызыл камзол жамылған.

 

Бұл қазақтың болмысын бейнелейтін өлең жолдары. Керемет емес пе?! Ұлттық нақыш пен қазақылықтың иісі аңқып тұр. Жүрегіңе терең бойлап, әдемі дидарыңды ажарландырып, көркіңді өзге ұлттан даралап, қазақ екеніңді танытады.

Қазақтың ұлттық киімдері заманға сай түрленіп, қазақы сән үлгісіне күн сайын сұраныс артып келеді. Қазақша киім үлгілерінің даму тарихы еліміздің мәдениетімен, ұлттық салт-дәстүрімізбен тығыз байланысты. Әрбір халық үшін өзінің болмыс-бітімін айқындайтын ұлттық киімдерін ұлықтау, оның өзіндік ерекшелігін сақтау, дұрыс киіну әдебін білу маңызды. Сол себепті осы мақалада «ұлттық киімдерді қалай таңдау керек?», «қайдан алуға болады?» деген сауалдарға  бірге жауап іздейтін боламыз. Сонымен…

Неден бастау керек?

Қазіргі таңда ұлттық киімдерді сатып алу аса қиын емес. Ұлттық нақыштағы киімдерді тапсырыспен тігетін немесе алып-сататын фирмалар өте көп. Қымбат дүкендерден бастап базарлардан қалтаңыз көтеретін түрлерін таңдай аласыз. Гардеробыңыздың ұлттық үлгідегі киімдермен толықтырғыңыз келсе, ең алдымен сапаға мән беріңіз. Яғни, киімнің сапасына көңіл бөлуден бастаңыз. Өйткені,  киім сапалы болған сайын, денеңізге қонымды, пішініңізге үйлесіп тұрады. Киімнің матасына да мән беріңіз. Киім табиғи матадан тігілгені дұрыс.

 Киімнің ою-өрнегіне мән беріңіз

Ұлттық киім үлгілерін тігу ептілікті, жауапкершілікті талап етеді. Оның машақаты көп болғанымен, жұмысын шынайы беріле істейтін шеберлер үшін сүйікті кәсіп. Өйткені тігіс түрлері, ою-өрнектердің жас ерекшеліктеріне байланысты өз орнымен қолданылуы ескеріледі. Ұлттық киімге тапсырыс берерде немесе сатып аларда қазақы киімдердің барлық ерекшеліктерін жетік білген дұрыс. Өйткені, қазақ пен қырғыздың ұлттық кимідері көп жағдайда ұқсас болып келетіндіктен, осы тұста көп қателесеміз. Қазақша киім үлгілеріне сұраныс артқанмен, ою-өрнектердің мән-мағынасына ешкім назар аударып жатқан жоқ. Ұлттық киімдерде жағаға қойылатын, киімнің етегіне қойылатын оюлар бөлек болған. Киімдегі оюына қарап адамның әлеуметтік мәртебесін, жас ерекшелігін тануға болған. Әр оюдың өзіндік мағынасы бар. Мысалы, қошқар мүйіз – молшылықты, ал құсқанаты – еркіндікті білдіреді. Тәжірибелі тігіншілер өз жұмысын  қашан да тыңғылықты атқарып, осындай ерекшеліктерді ескеруге тырысады. Сондықтан өз ісінің нағыз шеберлеріне жүгініңіз.

Қайдан алуға болады?

Егер сіз шынымен де тек сапалы ұлттық киімді алғыңыз келсе, осы сала бойынша жұмыс істейтін тігін шеберханаларына жүгінгеніңіз жөн. Сондай тігін шеберханалардың бірі Аqker тігінханасы. Бұл жерден қолжетімді бағада, сапалы тігілген ұлттық киім түрлерін таба аласыз. Сонымен қатар, осы шеберханадан шыққан ұлттық киімдердің дайын үлгілері «Абырой кз» дүкендерінде сатылады. abyroikz.kz-те ерлерге арналған ұлттық киімдердің, балаларға арналған ұлттық киімдердің, әйелдерге арналған киімдердің, сонымен қатар кешкі көйлектердің түр-түрін  табасыз. Тігінхана тек киім тігумен ғана шектелмейді, ұлттық нақыштағы кәдесыйларды да дайындайды. Сонымен қатар, қазақы ою-өрнектермен көмкеріліп, қазақы болмысқа сай етіп тігілген мұсылман киімдерін де таба аласыз.

Ұлттық киімдерге сұраныс көп

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, отандық дизайнерлердің айтуы бойынша, халық арасында (әсіресе жастар) ұлттық киімдерге деген қызығушылық өте жоғары деңгейде. Мәселен 2009-2010 жылдармен салыстырғанда қазір сұраныс саны артқан. Бұл жақсы үрдіс ретінде қалыптасып келеді. Қазақтың ұлттық киімдеріне жастар да құмар. Тойларда, жиындарда, мерекелік кештерде қазақша үлгідегі киімдерді киіп жүрген жастарды көзіміз шалады. Қуантатыны, әрбір азамат өзінің төл тарихының, салт-дәстүрінің, мәдениетінің қадір-қасиетін терең түсіне бастағаны. Ұлттық киімдерді осылайша тек мерекелік жиындарда не болмаса наурыз тойында ғана емес, күнделікті өмірде киіп жүретін уақыт та алыс емес деген ойдамыз. Бәрі талғам мен ниетке байланысты.

Жақындарыңызды қуантыңыз

Жақыныңызға немесе құрметті қонағыңызға ерекше сый тарту еткіңіз келсе, ұлттық нақыштағы сыйлықтарды таңдаңыз. Киім кию стиліңізге де ұлттық бояуларды қосуды ұмытпаңыз. Ұлттық киімдер болмысыңызды айқындап, түр-сипатыңызға өң береді. Және  қаншама жыл өтсе де сәннен қалмайды.

Ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық дәстүрлерімізді құрметтеу болашақ ұрпаққа артылған міндет. Осы күнге дейін жеткен ұлттық киім үлгілерімізді сақтап, келешек ұрпаққа аманаттау сіз бен біздің міндетіміз. Елестетіп көріңізші, ұлттық киім үлгісін күнделікті киіп жүрсек, елге деген сүйіспеншілігіміз артып, өзгелерге үлгі болар едік. Ұлттың нағыз патриоты болу содан басталар еді.

 

+4
0

Share This Post

guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии